Платина
Өзіме қараймын деп шештім.✊ Басты мақсат - денсаулық.
32
Подписчики
37
Подписки
Рейтинг
1 900
баллов
Занятия
78
Занятий за всё время
32
Посещённых залов
2
Занятий на этой неделе
KlaraFit
3 June
Біреумен емес, өзіммен жарысып жүрмін😄. Өткен айлармен нәтижелерімді салыстырып, алға ілгерілеу бар екеніне өзім марқайып, өзіме-өзім мотивация жасап жүрген сол. Жазғы отпускте қайда болсам, сол қалада жалғастыра беруге болатыны қандай жақсы! Қызылорда, күт мені! 🤩🤩🤩🔥😄
Read More
770
KlaraFit
24 May
Бүгін велосипедпен әдемі серуен болды. “Шаршасаң арба айда” демекші, велосипедтен шаршағанда кітап оқыдым. Күн жақсы, ауа таза, тек жер әлі сыз екен, скамейкаға отыру керек.
Read More

Центр по аренде велосипедов(Бокейхана, 6)
5.0
★
Центр по аренде велосипедов
›
1
156

Molya_fit
24 May
😍🫠💐
1
KlaraFit
20 May
Елудегі екінші марафон Елуде екінші дыханием ашылып, спортқа кішкене болса да бет бұрып келе жатырмын🤓😆. Мақсат - қатты спортсмен болу емес, жас келген сайын қимыл-қозғалысты көбейтіп, буын, қанайналым сияқты сигнал бере бастаған нәрселердің алдын алу. Алдыңғысы “Run for autism” қайырымдылық марафоны болған (2,5км), бұл жолы жылда болатын қайырымдылық BI marathonға қатыстым. Дайындыққа уақыт болмады, ел қатарлы жүгіріп шықтым. 5 км-ді 39 минутта келдім. Жақсылық жасап жарысайық!
Read More
3
480

Kair1975
26 May
үстел теннисі ойнау керек ең пайдалы жасарасын

Honey86
21 May
🔥

S.Lyaz
21 May
👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻🔥🔥🔥🔥🔥
KlaraFit
10 May
Орта Бүгін бассейннен үйге қайтарда өзімнен-өзім: “ютубтан қарап үйренсем де жүзуді үйренем!” деген шешіммен шықтым. Неғып ондай ойға келдің, өткенде ғана “батпасам болды емес пе” деп пост жазып жүр едің ғой? Өзгеріп қапсың ғой.🤔 Адам неге өзгереді? Өйткені ойы өзгереді. Ойыңды не өзгертті? Орта. Акулалардың ортасы. Бассейндегі🤓😄. Не деген сұмдық, ана басқа мен бір рет барып келгенде, менен кейін келіп тоқтамастан алты рет барып келді!🧜🏻♀️🔥🔥🔥 Болды, майшабақ боп жүргім келмейді!
Read More

Легкоатлетический спортивный комплекс Qazaqstan
4.9
★
Легкоатлетический спортивный комплекс Qazaqstan
›
4
604

Kair1975
26 May
Тыныс алу жаттығулары Нейро-жонглерлік: допты қабырғаға, еденге соғу және ауада лақтырып ойнау Көзді жұмып, бір аяқпен тұру Допты саусақта айналдыру Таяқты айналдыру Допты аяқпен қағу (жұптау) Теннис ракеткаларымен екі қолмен жасалатын жаттығулар миды дамытатын және жасарту жаттығулар

Olzhas Aytileov
14 May
Өте жөн, мидағы блоктарды жәймендеп осылай алып тастап, ертең бұйыртса сол акулалардың біріне айналасыз 👍👍👍

Шынар Акбарова
11 May
Кеше маған да сондай ой келді ғой🙈
1
KlaraFit
8 May
Негізі әдемі келе жатыр едім🤓✅ Әр нәрсенің басын бастап, аяғын тастап кететін әдетімді жойып, өзімде бір тәртіп, тұрақтылық, әдет қалыптассын деп бір күн қалдырмай жаттығуларға барып жүргем. Соған кәдімгідей үйреніп қалыппын. Кеше “7 мамырда жігіттерді Бурабайда құттықтаймыз” дегенде, “жаттығуларым ше?” деп қалды ішім😄 Бірақ табиғат аясындағы тимбилдинг те керемет болды.🔥 Бұл да жаттығу ғой.
Read More
1175
KlaraFit
5 May
Мені өзгерткен бір шешім. Мұғалім болғандықтан менде стресс те, айлық аз болғандықтан уайым, депрессия да көп еді… Бірақ бір шешім бәрін өзгертті — OneFit жаттығуларына бару. Өзімді сергек, жеңіл әрі сенімді сезінуге көп көмектесті. Депрессияға да, бос уайымға да уақыт жоқ. Қаспи магазин аштым. Түске дейін мектеп, түстен кейін заказдар қабылдау, кешке жаттығуларға барамын. Черчилль айтқандай: «Менің қолым бос емес, алаңдауға уақытым жоқ». Өмірімді жақсартуға себі тиген Уанфитке рахмет❤️🤩🙏🏻
Read More
8
2962

BotaBota
7 May
👏👏👏
1

Aidan_11
7 May
Шабыттандырады 👍👍
2

ainura_104.6fm
6 May
Қазір де шаршап кеттім да бассейнге барып қайтайын лучше деп кеттім😅😁 пооблема да шаруа да бітпейд құрсын
4

Molya_fit
6 May
🫠💐❤️
2

ainura_104.6fm
6 May
Уан фитпен өмір кайф👏 көп адамды стресстен шығарды👏
6
KlaraFit
26 March
Бүгін менде relax day🧖🏻♀️, ертең жұмыс🎓. Lavarium моншаға келдім. Монша емес хан сарайы дерсің!🤩🔥. Керемет! Жап-жаңа!🤩Үйдің маңынан осындай монша ашылғанын білмеппін, 888 моншасына барып жүргеніме 6 жыл болды. Әсіресе, пар мастер общее парение кезінде музыканы барынша қосып: - Уанфиттің қыздарыы! Қайдасыңдар?! Эмоцияны шығарамыыз!-дегенде қиқулағанымыз бааар енді😆😂💃🏻💃🏻💃🏻
Read More

Банный комплекс Lavarium
5.0
★
Банный комплекс Lavarium
›
2
568

Olzhas Aytileov
26 March
Қиииию, қииию, аридаш, аридаш дедіңіздер ма?! 🤓
KlaraFit
12 March
Ораза айында жаттығуды уақытша тоқтатсам ба әлде жалғастырған дұрыс па деген ойымды қалай реттедім?Иә, ораза кезінде дегидратация болды, су ішуге болмайды, бірақ жаттығу кезінде тер арқылы көп су жоғалады. Ал ол бас айналуға немесе шаршауға әкеледі. Және ұзақ уақыт тамақ ішпеген соң энергия да азайып, жаттығуда әлсіреуің мүмкін. Бірақ шын ниеттенсең жол табылады екен🙏🏻, ауызашардан соң энергия бар, су ішкенсің, кешкі 21:00-дегі жаттығуларға жазылдым. Соңғы автобустармен үйге жетіп алуға болады👍🏻
Read More
1
901

AIYMGUL
13 March
Жарайсыз👍🔥
2
KlaraFit
27 April
Бойында алаңы, үрейі, уайымы көп адам болса, осы саунд йогаға келсе болады. Күнделікті тұрмыстың күйбең тіршілігімен, бітпейтін арпалысымен жүріп өз-өзімізді ұмытамыз. Бұл жерде ұрынып жаттығу жасамайсыз, керісінше, тыныштық күйге еніп, жаныңа дамыл бермеген бүкіл проблеманы ойдан босатып, өз-өзіңізбен оңаша қаласыз. Тек қазіргі сәт және Сіз. Сіз әлемде біреу ғанасыз, өзіңізді сақтаңыз, аялаңыз.❤️💐
Read More

SAMADHI на Ботаническом
5.0
★
SAMADHI на Ботаническом
›
299
KlaraFit
23 March
ШВЗ массажға жазылдым. Әсері керемет👍🏻. Денедегі суық, тұз денсаулыққа кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Үнемі болмаса да, мүмкіндік болғанда массаж алғанға не жетсін. Кеңес беремін💐
Read More

Newcastle.massage
4.9
★
Newcastle.massage
›
138