logo
Aliya_Fit

Aliya_Fit

Жақұт

34

Followers

34

Following

Rating

3 500

points

Classes

138

Visited classes

6

Visited studios

2

Classes this week

Aliya_Fit

23 July

Спорттың күнделікті өмірімнің бір бөлігіне айналғанына 8 ай болыпты. Осы уақыт ішінде өзгеріс жоқ емес. Дене бітімім де өзгерді, шыдамдылығым (выносливость) да артты. Ең бастысы — спортқа деген көзқарасым өзгерді. Қазір оны міндет емес, өзіме бөлетін уақыт ретінде қабылдаймын. Кішкентай қадамдардың да нәтиже беретінін осы уақыт аралығында түсіндім. Сіздер спортпен қанша уақыттан бері айналысып жүрсіздер? Қандай өзгерісті байқадыңыздар өздеріңізден?

Read More

Post image

3

1012

Aliya_Fit

30 June

✋ Қалайсыздар? Шынымды айтсам, мен әлі тренажер залына өзім барып көрмеппін. Үнемі топтық сабақтарды таңдаймын. Бір жағынан, не істеу керегін ойламайсың — жаттықтырушы бәрін көрсетеді. Оның үстіне топпен жаттығу маған көбірек мотивация береді. Бірақ тренажер залына өзім барып көруге әлі де жүрексінетін сияқтымын.Не істеу керек, жаттығуларды қалай орындау керек — білмейтіндеймін. Сіздер қайсысын таңдайсыздар: топтық сабақ па, әлде тренажер залы ма?

Read More

Post image

5

2054

Aliya_Fit

2 June

Қалайсыздар? Зумбаға барған сайын бір нәрсеге таңғаламын Залға шаршап, көңіл-күйсіз келсем де, зумба біткенде мүлдем басқа адам болып шығамын 💃 Бірақ бір байқағаным — бізде зумбаға көбіне орта жастан асқан әйел адамдар келеді, жастар жоқ. Неге екен деп ойлап қаламын 🤔 Өйткені зумба дәл жастарға да керемет формат сияқты: энергия, музыка, қозғалыс — бәрі бар ғой. Неге? Әлде бұл тек бұл біздің залда ғана ма?

Read More

Post image
Зумба Класс

Зумба Класс

5.0

Зумба Класс

29

Aliya_Fit

9 April

Сәлем, 1 Fitterлер! 👋 1Fit таңдағаным — өзім үшін ең дұрыс шешімдердің бірі болды деп санаймын 💯 Бұрын бір залға ғана барып, тез жалығып, тастап кететінмін. Ал қазір 1Fit арқылы әртүрлі жаттығуларды байқап, өзіме ең ұнайтын бағыттарды таба бастадым 🔥 Бір күні — фитнес, бір күні — зумба, кейде стречинг немесе йога🧘‍♀️ Ең бастысы — өзімді жақсырақ сезіне бастадым, энергиям көбеюде ⚡️ Сендер де байқап көрдіңдер ме? Қай бағыт ұнайды? 🤔 #1Fit #1Fitter #Фитнес #Мотивация #СалауаттыӨ :::

Read More

3

1058

Aliya_Fit

10 April

Қалайсыздар, 1 fitterлер! 👋 Мен баратын зал 3-ші қабатта орналасқан. Алғаш барған күнім әлі есімде — әрең дегенде шаршап, сол қабатқа көтерілгенмін 😅 Сол кезде көзіме осы сөздер: «Сен өз мақсатыңа жетудесің» түсті. Қарапайым ғана сөз сияқты, бірақ дәл сол сәтте маған ерекше мотивация бергендей болды 🔥 Сол күннен бастап әр қадамым, әр жаттығуым — өз мақсатыма жақындап жатқанымды сезінемін 💪 Барлықтарыңызға өз мақсаттарыңызға жетуді тілеймін!

Read More

Post image

4

1675

Aliya_Fit

29 May

Сәлем! Қалайсыздар? Соңғы кезде өзімде кішкене выгорание болып жүр 🫠 Басында аптасына 6 күн залға келетінмін, ал қазір 2–3 рет әрең келіп жүрмін 😅 Шынымды айтсам, 1Fit болмаса баяғыда тастап кетер ме едім… Бұрын абонементім бітіп қалса, “кейін бастаймын” деп, сол күйі бармай қоятынмын. Қазір түсінгенім — ең қиыны бастау емес, тұрақтылық сақтау екен Сіздерде де выгорание болып тұра ма?

Read More

Post image

11

3730