KlaraFit
Sapphire
Өзіме қараймын деп шештім.✊ Басты мақсат - денсаулық.
31
Followers
38
Following
Rating
2 300
points
Classes
103
Visited classes
34
Visited studios
4
Classes this week
KlaraFit
21 July
Бұлшықет қалай жинаймын?🙈 Күнделікті пилатес, стретчинг, здоровая спинаға барып жүрмін. Турникке пока тартыла алмаймын, бірақ таймермен ұзақ тұруды жасап жүрмін. Белок жетіспейді деген соң мынадай смузи ішіп жүрмін. Тағы не істесем болады?
Read More
6
1746
KlaraFit
1 July
Сонымен Қызылордадағы отпускімдегі нәтиже осындай болды😄🙏🏻
290
KlaraFit
3 June
Біреумен емес, өзіммен жарысып жүрмін😄. Өткен айлармен нәтижелерімді салыстырып, алға ілгерілеу бар екеніне өзім марқайып, өзіме-өзім мотивация жасап жүрген сол. Жазғы отпускте қайда болсам, сол қалада жалғастыра беруге болатыны қандай жақсы! Қызылорда, күт мені! 🤩🤩🤩🔥😄
Read More
783
KlaraFit
24 February
Күні бойы телефон, компьютер, көлік… Ал кешке – бел, мойын, арқа ауырады 😔 Сондықтан тек жаттығып қана қоятын емес, әрі емдейтін жер іздеп едім, 1FIT-тің арқасында “Айкунені”таптым💚 Бұл – қазақтың дәстүрлі омыртқаға арналған жаттығулар жүйесі. Омыртқаны табиғи қалыпқа келтіреді, қан айналымын жақсартады, бел, мойын, арқаны емдейді. Ең ұнағаны ешқандай тренажерсыз жасалатын жаттығу👍🏻. Залда ру аттары жазылып тұр екен, ішінде менің де руым жүр🤓. Сөйтсем әр жаттығуға ру аты берілген екен. 🤓👍🏻
Read More
2
1064
KlaraFit
25 March
Құдай-ау, маған керек жаттығу осы екен ғой😆, шпагатта нең бар деші.

Atmosfera Yoga&Fitness (Мангилик Ел)
5.0
★
Atmosfera Yoga Studio
›
1
123
KlaraFit
10 May
Орта Бүгін бассейннен үйге қайтарда өзімнен-өзім: “ютубтан қарап үйренсем де жүзуді үйренем!” деген шешіммен шықтым. Неғып ондай ойға келдің, өткенде ғана “батпасам болды емес пе” деп пост жазып жүр едің ғой? Өзгеріп қапсың ғой.🤔 Адам неге өзгереді? Өйткені ойы өзгереді. Ойыңды не өзгертті? Орта. Акулалардың ортасы. Бассейндегі🤓😄. Не деген сұмдық, ана басқа мен бір рет барып келгенде, менен кейін келіп тоқтамастан алты рет барып келді!🧜🏻♀️🔥🔥🔥 Болды, майшабақ боп жүргім келмейді!
Read More

Легкоатлетический спортивный комплекс Qazaqstan
4.9
★
Легкоатлетический спортивный комплекс Qazaqstan
›
4
608
KlaraFit
20 May
Елудегі екінші марафон Елуде екінші дыханием ашылып, спортқа кішкене болса да бет бұрып келе жатырмын🤓😆. Мақсат - қатты спортсмен болу емес, жас келген сайын қимыл-қозғалысты көбейтіп, буын, қанайналым сияқты сигнал бере бастаған нәрселердің алдын алу. Алдыңғысы “Run for autism” қайырымдылық марафоны болған (2,5км), бұл жолы жылда болатын қайырымдылық BI marathonға қатыстым. Дайындыққа уақыт болмады, ел қатарлы жүгіріп шықтым. 5 км-ді 39 минутта келдім. Жақсылық жасап жарысайық!
Read More
3
484
KlaraFit
21 April
- Моншадан соң жаттығуға барып көрген бе едіңіз?🤓 (Отмена жасауға кеш болды.) Қызық болды. Моншада поралардың бәрі ашылған😄, ал енді мына жерге келіп алып, тренер силовой жаттығуларды жасатқанда тер суша ақсын😂, парда отырғандай😆 тоқтамайды. Сүртуге мұрша жоқ, кофта шылқыды, басқаларға қараймын спокойно отыр. Ұялғаным-ай!😄🙈🙏🏻
Read More

«Elastica» женский фитнес на Нажимеденова
5.0
★
«Elastica» женский фитнес
›
2
267
KlaraFit
25 April
Қандай қателіктерімді білдім? 1. Дұрыс қалыпты сақтамау Қисайып тұру немесе аяқтың дұрыс қойылмауы тепе-теңдікті бұзады, нәтижесінде оқ дәл тимейді екен. 2. Садақты тым қатты қысу Садақты қатты ұстасам, бақылау жақсы болады деп ойласам, ол керісінше қолдың дірілдеуіне әкеледі екен. 3. Жебені асығыс босату Сабырсыздық — басты мәселе. Жебені бірқалыпты тартпай, тез босату дәлдікті төмендетіп, жебелерім жан-жаққа ұшты😆 4. Нысанаға ғана қарап, техникаға мән бермеу. Екеуіне де мықты бол!
Read More

«Тұғыр» дәстүрлі садақ ату орталығы
4.9
★
«Тұғыр» дәстүрлі садақ ату орталығы
›
317
KlaraFit
12 March
Ораза айында жаттығуды уақытша тоқтатсам ба әлде жалғастырған дұрыс па деген ойымды қалай реттедім?Иә, ораза кезінде дегидратация болды, су ішуге болмайды, бірақ жаттығу кезінде тер арқылы көп су жоғалады. Ал ол бас айналуға немесе шаршауға әкеледі. Және ұзақ уақыт тамақ ішпеген соң энергия да азайып, жаттығуда әлсіреуің мүмкін. Бірақ шын ниеттенсең жол табылады екен🙏🏻, ауызашардан соң энергия бар, су ішкенсің, кешкі 21:00-дегі жаттығуларға жазылдым. Соңғы автобустармен үйге жетіп алуға болады👍🏻
Read More
1
901













