1Fit қосымшасындағы онлайн дәрігерлер
Кезекші терапевт және бейінді мамандар — бейне немесе чат арқылы, жазылусыз әрі кезексіз.
Онлайн қабылдаулар тек Қазақстанда қолжетімді. Консультацияларды Metaclinic медициналық орталығының дәрігерлері жүргізеді. 1Fit — қабылдау төленетін және тағайындаулар келетін қосымша.

Karola G / Pexels
10 минутта жауап
Кезекші терапевтке қосылу осынша уақыт алады
Бейне немесе чат
Тәулік бойы, алдын ала жазылудың қажеті жоқ
Тағайындаулар қосымшада
Жолдамалар мен ұсынымдар тарихта сақталады
Қабылдауға 30 күн
Төленген консультация осынша уақыт жарамды
Кезекші терапевтке немен барады, немен бармайды
Кезекші дәрігер — кімге бару керек екені, тіпті бару керек пе екені түсініксіз болғандағы алғашқы әңгіме. Қабылдау тіркелген бағамен 15 минутқа созылады, ұзартудың қажеті жоқ.
Сәйкес келеді
Сұраққа жылдам жауап
Бір нәрсе мазалағанда, бірақ сол үшін клиникаға барғыңыз келмегенде.
Анализдерді түсіндіру
Дәрігер дайын нәтижені талдайды — өзіңіздікін немесе қосымшадағы Invitro пакетінен.
Маман таңдау
Дәл сіздің жағдайыңызбен қай тар маманға бару керегін айтады.
Әрі қарай не тексеру керек
Қай зерттеулерді тапсырған жөн, ал қайсысы сіздің жағдайыңызда артық екенін айтады.
Екінші пікір
Дәрігерде болып, тағайындауды орындамас бұрын тексергіңіз келсе.
Сәйкес келмейді
Қатты ауырсыну, жарақат немесе өмірге қауіп төнгенде жедел жәрдем шақырыңыз. Онлайн қабылдау шұғыл жағдайларға жарамайды.
Тексеріп-қарау, процедуралар және аспаптық зерттеулер — олар үшін дәрігер клиникаға жолдайды
Бетпе-бет қабылдауды қажет ететін құжаттарды рәсімдеу
Онлайн кім қабылдайды
Қосымшада кезекші терапевттен бөлек бейінді мамандар да бар. Құрамы Metaclinic кестесіне байланысты, сондықтан қосымшадағы тізім жаңарып отырады.

Sena Aykut / Pexels
Төлемге дейін дәрігер карточкасында не көрінеді
Мамандығы және өтілі
Дәрігер неше жыл және қай бейіндер бойынша жұмыс істейді.
Рейтингі және қабылдау тілдері
Дәрігердің рейтингі және ол консультация беретін тілдер.
Алғашқы қабылдау бағасы
Құны төлемге дейін көрінеді, барысында қосымша ақы жоқ.
Қайталама қабылдау бағасы
1Fit арқылы бұрын болған дәрігерге қайталама қабылдау арзанырақ.
Қабылдау қалай өтеді
Дәрігерді таңдайсыз
1Fit қосымшасында, «Дүкен» → «Дәрігерлер» бөлімінде. Кезекші терапевтті таңдаудың қажеті жоқ — ол әрдайым біреу.
Төлейсіз
Қосымшада картамен. Қабылдау бағасы дәрігер карточкасында алдын ала көрсетілген.
Сізбен байланысады
Төлегеннен кейін 15 минут ішінде WhatsApp-қа хабарлама келеді — қабылдау содан басталады.
Тағайындаулар аласыз
Дәрігер бейне немесе чат арқылы кеңес береді, жолдамалар мен ұсынымдар қосымшаға келеді.
Жиі қойылатын сұрақтар
Қабылдау бөлек төленеді және абонементке кірмейді: кезекші терапевттің бағасы тіркелген, бейінді дәрігерлердің бағасы әр карточкада өзінше. Сатып алу да, қабылдаудың өзі де 1Fit қосымшасында өтеді.
Кезекші терапевт 10 минут ішінде қосылады, қабылдау 15 минутқа созылады. Бейінді мамандар өз кестесі бойынша қабылдайды — бос уақыт қосымшада көрінеді.
Төлеген сәттен бастап 30 күн. Осы уақыт ішінде консультацияны пайдалана алмасаңыз, қабылдау автоматты түрде ауыстырылмайды — қосымшадағы қолдау қызметіне жазыңыз.
Жоқ. Егер 1Fit арқылы осы дәрігерде бұрын болсаңыз, оның карточкасында қайталама қабылдау бағасы көрсетіледі — ол алғашқысынан төмен. Кезекші терапевттің бағасы әрдайым бірдей.
Metaclinic медициналық орталығының дәрігерлері. 1Fit медициналық қызмет көрсетпейді: қосымша — қабылдау төленетін және жолдамалар мен тағайындаулар сақталатын орын.
Жоқ, онлайн қабылдаулар тек Қазақстанда жұмыс істейді. Өзбекстанда абонементтер мен 1Fit Pro, Әзербайжанда — абонементтер қолжетімді.
Онда ол бейінді маманға немесе клиникаға жолдайды. Онлайн қабылдау бетпе-бет қабылдауды алмастырмайды: диагностиканың бір бөлігін тексеріп-қараусыз және зерттеусіз жүргізу мүмкін емес.
Медициналық қызметтерді Metaclinic медициналық орталығы көрсетеді. 1Fit медициналық қызмет көрсетпейді және диагноз қоймайды. Онлайн консультация дәрігердің бетпе-бет қабылдауын алмастырмайды; шұғыл жағдайларда жедел жәрдемге хабарласыңыз.

