Asem___
Алмаз
Be free, be brave, be yourself!💎
30
Жазылушылар
6
Жазылымдар
Рейтинг
9 100
ұпай
Жаттығулар
505
Барлық уақыттағы жаттығулар
92
Барған жаттығу залдары
0
Осы аптадағы жаттығулар
Asem___
4 қараша
– Сенің залға барудағы мотивацияң қандай? – Сүйкімді мысықтарды көру. Расында, бұл залдағы көз қуанышым – мына жұмсақ жануарлар.❤️ Жаттығу арасында бұларды иіскеп, құшақтап, маңдайынан сипап, шаршағаныңды бір сәтке ұмытасың:) «Антистресс» деп еді бір кісі. Екі мысықтың бірі көшеге шығып кетіп, апатқа ұшырады.🥹 Қазір сау, ота жасалған. Залда жайлап жүріп жүр. Соған да алаңдап жүремін көрген сайын. Кішкентай жүректер ғой…
Толығырақ оқыңыз

A2Fitness
4.9
★
A2Fitness
›
3
271
Asem___
10 қараша
«Би – жан мен тәннің үнсіз әңгімесі» депті прима-балерина Marie Tallchief. Мен келісем. Ал сіз ше?
168
Asem___
5 қараша
Fly yoga ұнайды маған.🦋 Арқаңа қанат байлап, әуеде қалықтап жүргендей боласың:) Әрине, жаттығулар оңай емес. Дегенмен гамактардың көмегімен көтеріліп-түсу, әрі-бері серпіле қозғалу күшті сезім сыйлайды. Бүкіл денең созылып, кеудең кеңіп қалғандай болады. Әр барған сайын санамда “кейін үйіме осындай гамак орнатып аламын” деген ой жылт ете қалады.🫠
Толығырақ оқыңыз

Студия йоги и фитнеса «Atmosfera»
5.0
★
Студия йоги и фитнеса «Атмосфера»
›
2
1053
Asem___
5 қараша
📌 «ҚОРҚЫНЫШ СӘТСІЗДІКТЕН ДЕ КӨП АРМАНДЫ ӨЛТІРЕДІ». (с) Сюзи Кассем Иә, осыдан 2,5 жыл бұрын жүзуді енді бастаған кезде судан қатты қорқатынмын. Биіктігі белімнен сәл асатын бассейнге түссем, жүрегім атқақтап, аузыма тығылатын. Сонда да қайтпайтынмын бірақ:) Қорықсам да бассейнге бара беруші едім. Тұншығып, қақалып-шашалып, бір батып, бір шығып жүріп, 5 ай дегенде кішігірім жүзудің ырғағына ілесе бастадым. Басқа жақсы жүзетіндер маған сол кезде керемет қаһарман көрінетін. Қазір өзім солай жүзем😇
Толығырақ оқыңыз
2
518
Asem___
8 қараша
Бұл – менің бачатаға бірінші рет барған кезім:) Ұялып, қысылып жүрсем де, жақсы билеп едім. Мұнда жаныңдағы серігіңді сезіну, онымен бір толқында болу өте маңызды. Әрине, барлық жұптық биде солай ғой😇 “Қатты ұнады, енді бачатаға үзбей келем” деп шабыттанып шығып едім сол кезде. Мен қай биге барсам да, солай ойлаймын да, кейін қалып қояды🙂↔️ Ал қазір жүрмін бачата билейтін адамдардың рилстарына қарап қызығып. Тағы да бару керек еді…
Толығырақ оқыңыз

BACHATA.KZ
5.0
★
BACHATA.KZ
›
4
203




