Erkenaz_armanovna_
Платиновый
Спорт - бұл өмір❤️
48
Подписчики
27
Подписки
Рейтинг
1 600
баллов
Занятия
127
Занятий за всё время
36
Посещённых залов
1
Занятий на этой неделе
Erkenaz_armanovna_
5 июля
Дер кезінде тоқтай алу да өнер екен. 1 апта бұрын таңертең жүгіріп жүр едім. 2 күн жүгірдім, одан соң 1 апта аяғымды басуға да қиналып қалдым. Бүгін енді аяғым жазылды-ау дегенде, садақ атуға барамын деп қолымды көгерттім🤦🏻♀️🥲 Бұл - дұрыс техника қолданбаудың, дер кезінде тоқтамаудың нәтижесі. Садақты дұрыс емес техникамен атпадым, қолыма тиіп, көгеріп жатса да, тоқтамадым.
Читать далее
11
2076
Erkenaz_armanovna_
7 сентября
Пятница күні йогаға бардым. Йога деген - дененің, мидың, жан дүниенің тыныштыққа келуі. Тек қана денеңді дамытпайсың, білім де аласың. Мысалы, кеше тренер энергияның түрлері туралы лекция оқыды. Оны көтерудің жолдары, түсіп кетуінің себептерін айтты. Енді түсіндім, неге кейде жалқааааумын, ал кейде еңбекқор екенімді. Но бірден еңбекқор болып кеткен жоқпын, әрине. Тырысқым келеді❤️
Читать далее
2
376
Erkenaz_armanovna_
7 июля
Массажға барғыларыңыз келсе, осыған баруға кеңес беремін. Расымен де демалып қаласыздар. Мен көп арқа массажына барып көргенмін. Ақылы, тегін, уанфиттікі. Бұрын ойлайтынмын, айырмашылығы жоқ шығар мастерлердің бір-бірінен, барлығы бірдей жасайтын шығар деп. Алайда, олай емес екен. Өйткені, осы айда бірінші барған массаж отдых емес, керісінше шаршатып жіберген🤣
Читать далее

Nice Hands
4.8
★
Nice Hands
›
2
748
Erkenaz_armanovna_
13 июля
Ақшаға… Тамақ сатып алуға болады, бірақ тәбетті сатып ала алмайсың. Төсек сатып алуға болады, бірақ тәтті ұйқыны сатып ала алмайсың. Дәрі сатып алуға болады, бірақ денсаулықты сатып ала алмайсың. Кітап сатып алуға болады, бірақ білімді сатып ала алмайсың. Ойын-сауық сатып алуға болады, бірақ жақсы көңіл күйді сатып ала алмайсың. Тіпті 1Fit-ті де сатып алуға болады. 🤣 Бірақ әдемі әрі сау денеге қол жеткізу үшін бәрібір еңбек, тәртіп және тұрақтылық қажет✅
Читать далее
2
1823
Erkenaz_armanovna_
19 июня
Ерте тұрған еркектің ырысы артық, Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық, Ал, Ерте тұрған Еркеназдың бір тренировкасы артық🤣. Шүкір, бүгін продуктивный күн болды мен үшін. Хатка йогаға бардым 90 минут жаттықтым, зумбаға бардым, массажға бардым, сосын бассейнге бардым(Бассейнге тоже 2 занятиеге алайын деп едім, сатып алған пропускімді жоғалтып алыппын). И оқушыммен 45 минут сабақты да өткіздім + 23 000 шаг жүрдім. Бүгін мен молодецпін❤️
Читать далее
3
351
Erkenaz_armanovna_
1 июля
В нүктесіне жету үшін А нүктесін анық білу керек деп “Анализ состав тела-ға” бардым. Енді спортпен одан да жақсылап айналысу қажет болды. Дефициттерді толтырып, артықтарды азайту керек
Читать далее
346
Erkenaz_armanovna_
5 октября
Өмір адам өлгенде емес, өмір сүруін тоқтатқанда аяқталады
211
Erkenaz_armanovna_
8 июля
Бүгін менің туған күнім! Қош келдің, 23-ім!
17
1649
Erkenaz_armanovna_
17 июля
Шашыңды қызыл түске бояп, татуировка жасап немесе өзгеше стильмен жұрттың назарын аударту – оңай. Ал жүз адамның арасынан біліміңмен, мінезіңмен, мәдениетіңмен, сымбатыңмен және көркіңмен ерекшеленіп, елдің есінде қалу – міне, нағыз ұмтылатын жол.
Читать далее
766
Erkenaz_armanovna_
30 июня
Уанфитті осымен 2-ші рет сатып алып отырмын. Алғаш рет 02.04.2025 сатып алдым. 1 жылда 60 күн заморозкасы бар, сонымен 98 занятиеге бардым. Сонда нәтиже 365/98. Екінші рет 31.05.2026-да сатып алдым. Пока что 1 айда 7-ақ занятиеге бардым🥲. Енді дұрыстап, саналы түрде баруды қолға алу қажет✅ Но қандай жағдай болса да, тіпті аз барсам да, менің бұл нәтижем 0-ден артық қой. Таңғы жаттығу да жасамайтын адам ретінде айтар болсам, мен үшін жақсы нәтиже дер едім. Енді бұдан да жақсарту керек
Читать далее
1
126

