Назад к ленте
22 января
Кеше бассейнге бардым. Астанада бұл жерге жазылу үшін түнгі 00:00-ді күтетіндер аз емес. Атмосферасы, сервисі, бассейн мен джакузидің жайлылығы — сапалы демалысқа лайық. Бірақ бір ой мазалады. Қоғамдық орында алкоголь ішіп келіп, басқалардың комфортын бұзу — сән бе, әлде мәдениеттің жоқтығы ма? Әрине, әркім өзіне жауапты. Бірақ қоғамдық кеңістікте демалып жүрген өзге адамдардың да тыныштығы бар ғой. Комфорт — тек интерьер емес, ол — адамдардың бір-біріне деген құрмет емеспе? Басқаларға қалай?
Присоединяйтесь к 1Fit
Почувствуйте поддержку сообщества и находите единомышленников для занятий спортом