Aliya_Fit
Sapfir
44
İzləyicilər
38
İzlədiklərim
Reytinq
4 700
bal
Məşqlər
187
Bütün məşqlər
7
Ziyarət edilən zallar
3
Bu həftəki məşqlər
Aliya_Fit
10 Aprel
Қалайсыздар, 1 fitterлер! 👋 Мен баратын зал 3-ші қабатта орналасқан. Алғаш барған күнім әлі есімде — әрең дегенде шаршап, сол қабатқа көтерілгенмін 😅 Сол кезде көзіме осы сөздер: «Сен өз мақсатыңа жетудесің» түсті. Қарапайым ғана сөз сияқты, бірақ дәл сол сәтте маған ерекше мотивация бергендей болды 🔥 Сол күннен бастап әр қадамым, әр жаттығуым — өз мақсатыма жақындап жатқанымды сезінемін 💪 Барлықтарыңызға өз мақсаттарыңызға жетуді тілеймін!
Daha çox oxu
4
1681
Aliya_Fit
9 Aprel
Сәлем, 1 Fitterлер! 👋 1Fit таңдағаным — өзім үшін ең дұрыс шешімдердің бірі болды деп санаймын 💯 Бұрын бір залға ғана барып, тез жалығып, тастап кететінмін. Ал қазір 1Fit арқылы әртүрлі жаттығуларды байқап, өзіме ең ұнайтын бағыттарды таба бастадым 🔥 Бір күні — фитнес, бір күні — зумба, кейде стречинг немесе йога🧘♀️ Ең бастысы — өзімді жақсырақ сезіне бастадым, энергиям көбеюде ⚡️ Сендер де байқап көрдіңдер ме? Қай бағыт ұнайды? 🤔 #1Fit #1Fitter #Фитнес #Мотивация #СалауаттыӨ :::
Daha çox oxu
3
1061
Aliya_Fit
30 İyun
✋ Қалайсыздар? Шынымды айтсам, мен әлі тренажер залына өзім барып көрмеппін. Үнемі топтық сабақтарды таңдаймын. Бір жағынан, не істеу керегін ойламайсың — жаттықтырушы бәрін көрсетеді. Оның үстіне топпен жаттығу маған көбірек мотивация береді. Бірақ тренажер залына өзім барып көруге әлі де жүрексінетін сияқтымын.Не істеу керек, жаттығуларды қалай орындау керек — білмейтіндеймін. Сіздер қайсысын таңдайсыздар: топтық сабақ па, әлде тренажер залы ма?
Daha çox oxu
5
2130
Aliya_Fit
23 İyul
Спорттың күнделікті өмірімнің бір бөлігіне айналғанына 8 ай болыпты. Осы уақыт ішінде өзгеріс жоқ емес. Дене бітімім де өзгерді, шыдамдылығым (выносливость) да артты. Ең бастысы — спортқа деген көзқарасым өзгерді. Қазір оны міндет емес, өзіме бөлетін уақыт ретінде қабылдаймын. Кішкентай қадамдардың да нәтиже беретінін осы уақыт аралығында түсіндім. Сіздер спортпен қанша уақыттан бері айналысып жүрсіздер? Қандай өзгерісті байқадыңыздар өздеріңізден?
Daha çox oxu
3
1224
Aliya_Fit
2 İyun
Қалайсыздар? Зумбаға барған сайын бір нәрсеге таңғаламын Залға шаршап, көңіл-күйсіз келсем де, зумба біткенде мүлдем басқа адам болып шығамын 💃 Бірақ бір байқағаным — бізде зумбаға көбіне орта жастан асқан әйел адамдар келеді, жастар жоқ. Неге екен деп ойлап қаламын 🤔 Өйткені зумба дәл жастарға да керемет формат сияқты: энергия, музыка, қозғалыс — бәрі бар ғой. Неге? Әлде бұл тек бұл біздің залда ғана ма?
Daha çox oxu

Зумба Класс
5.0
★
Зумба Класс
›
32
Aliya_Fit
29 May
Сәлем! Қалайсыздар? Соңғы кезде өзімде кішкене выгорание болып жүр 🫠 Басында аптасына 6 күн залға келетінмін, ал қазір 2–3 рет әрең келіп жүрмін 😅 Шынымды айтсам, 1Fit болмаса баяғыда тастап кетер ме едім… Бұрын абонементім бітіп қалса, “кейін бастаймын” деп, сол күйі бармай қоятынмын. Қазір түсінгенім — ең қиыны бастау емес, тұрақтылық сақтау екен Сіздерде де выгорание болып тұра ма?
Daha çox oxu
11
3762




